Іле ауданы әкімінің ұсталған сәтінен видео тарады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұстады.
Ол өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының рұқсатынсыз аффилиирленген компанияға қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқару құқығын берген. Осылайша лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар, ол полигонды сенімгерлік басқару мерзімін заңсыз ұзартты деген күдікке де ілінді. Қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары тартылған.
Антикор мәліметінше, компанияның қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату бойынша шартта көзделген міндеттемелері орындалмаған, ал оның қызметінен түскен табыс оны жеке байытуға бағытталған. Өңір экологиясына құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде 204 млн теңге көлемінде залал келтірілді.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтар
0