https://sputnik.kz/20241008/toqaev-zhenistin-80-zhyldygyn-atap-otuge-qatysty-oyyn-zhetkizdi-47686999.html
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты ойын жеткізді
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты ойын жеткізді
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз 08.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-08T20:22+0500
2024-10-08T20:22+0500
2024-10-08T20:22+0500
жеңіске тағзым
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47685867_0:42:1280:762_1920x0_80_0_0_7c243d5e4eda88559994bcb69bae0517.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ұйым халықтарының мәдени және рухани байланыстарын нығайту мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлады Ақорда.Жоғары оқу орындары мен жастар арасындағы қарым-қатынасты дамыту – бірлескен жұмыстың маңызды бағыты. Мемлекет басшысы студент алмасу және ғылыми тағылымдамадан өту ісін жандандыру үшін "Достастықтың академиялық астанасы" атты жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеудің де айрықша мәні бар. Президент мұндай тағдыршешті мәселенің ТМД елдерінде талқылануы орынды деп санайды.Қазақстан президенті келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты ойын жеткізді."Бұл – Достастық елдерінің барлық халқын біріктіретін айтулы дата. Еркіндік пен әділдік салтанатының нышанына баланатын мазмұнды мереке. Біз әкелеріміз бен аналарымыздың, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз", – деді мемлекет басшысы.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы ТМД-ға Тәжікстан Республикасынының төрағалық ету және кезекті саммитті Душанбеде өткізу туралы шешімді қолдайтынын жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47685867_105:0:1176:803_1920x0_80_0_0_399531091258814030b2b3d2d6288501.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты ойын жеткізді
Оның айтуынша біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ұйым халықтарының мәдени және рухани байланыстарын нығайту мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлады Ақорда.
"Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыздың салалары мен бағыттарын үнемі кеңейтіп отырғанымыз жөн. Таяуда Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 85 елден 2 мыңнан астам спортшы келді. Бұл әлемде этноспорт қозғалысына, бұрынғы көшпелі халықтардың мәдени мұрасына қызығушылық зор екенін көрсетті", – деді Қазақстан президенті.
Жоғары оқу орындары мен жастар арасындағы қарым-қатынасты дамыту – бірлескен жұмыстың маңызды бағыты. Мемлекет басшысы студент алмасу және ғылыми тағылымдамадан өту ісін жандандыру үшін "Достастықтың академиялық астанасы" атты жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеудің де айрықша мәні бар. Президент мұндай тағдыршешті мәселенің ТМД елдерінде талқылануы орынды деп санайды.
Қазақстан президенті келесі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты ойын жеткізді.
"Бұл – Достастық елдерінің барлық халқын біріктіретін айтулы дата. Еркіндік пен әділдік салтанатының нышанына баланатын мазмұнды мереке. Біз әкелеріміз бен аналарымыздың, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің адамзат тарихындағы өшпес ерлігін әрдайым есте сақтауға тиіспіз", – деді мемлекет басшысы.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы ТМД-ға Тәжікстан Республикасынының төрағалық ету және кезекті саммитті Душанбеде өткізу туралы шешімді қолдайтынын жеткізді.