https://sputnik.kz/20241008/tmd-memleket-basshylary-zhenistin-80-zhyldygyna-oray-undeu-qabyldady-47692342.html
ТМД мемлекет басшылары Жеңістің 80 жылдығына орай үндеу қабылдады
ТМД мемлекет басшылары Жеңістің 80 жылдығына орай үндеу қабылдады
Sputnik Қазақстан
Достастық елдерінің президенттері тарихты бұрмалау әрекеттеріне қарсы тұруға және ата-баба ерлігін есте сақтауға шақырды 08.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-08T23:18+0500
2024-10-08T23:18+0500
2025-01-10T12:27+0500
тмд
9 мамыр – жеңіс күні
ұлы отан соғысы
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47690459_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_1032888a26d590aa1d159cfeb7772d08.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына орай Достастық елдері халықтары мен әлем қауымдастығына үндеу қабылдады, деп хабарлады Достастық Атқару комитеті.Онда 80 жыл бұрын көп ұлтты кеңес халқының Ұлы Отан соғысында тарихи Жеңіске жеткені айтылады.Адамзат тарихындағы ең қанды соғыс майданда, партизан отрядтарында, оккупация және концлагерьлерде азапталып, суық пен аштықтан қаза тапқан миллиондаған адамның өмірін қиды.Құжатта аталып өткендей, адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс 1945 жылдың мамырында біздің халықтарымыздың бірлігі мен табандылығының және жанқиярлығының арқасында жеңіспен аяқталды. Әскери бауырластық пен еңбек ерлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті алып берді."Біз мемлекеттеріміздің халықтары барлық сынақтан өтіп, фашизмді түпкілікті Жеңіске жетуге баға жетпес үлес қосқанын мақтан тұтамыз", - делінген үндеуде.Мемлекет басшылары Достастық мемлекеттері халықтары мен әлем халықтарын фашизмнің, нацизмнің және милитаризмнің қайта жандануына жол бермеуге, жаңа дүниежүзілік соғысты бастау әрекеттерін тоқтатуға шақырды.ТМД елдерінің президенттері Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына толық жауапкершілік жүктелген басты нацистік қылмыскерлердің әрекеті Халықаралық әскери трибуналдың үкімімен қылмыс деп танылғанын еске салды."Біз соғыстың нағыз кінәлілерін ақтап алуға, нацизмді талқандауда біздің халықтардың рөлін төмендетуге, гитлерлік жазалаушылардың сыбайластарын және антигитлерлік коалицияға қарсы соғысқан, фашистермен ынтымақтаса жұмыс істегендерді, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстарды жасағандарды ақтап алуға ұмтылуды қатаң айыптаймыз", - делінген үндеуде.Үндеу Мәскеуде өткен ТМД мемлекет басшыларының саммитінде қабылданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/08/47690459_70:0:1211:856_1920x0_80_0_0_07a1baa59844333b994c08701a59fac7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, 9 мамыр – жеңіс күні, ұлы отан соғысы
тмд, 9 мамыр – жеңіс күні, ұлы отан соғысы
ТМД мемлекет басшылары Жеңістің 80 жылдығына орай үндеу қабылдады
23:18 08.10.2024 (жаңартылды: 12:27 10.01.2025) Достастық елдерінің президенттері тарихты бұрмалау әрекеттеріне қарсы тұруға және ата-баба ерлігін есте сақтауға шақырды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. ТМД мемлекет басшылары Кеңес халқының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына орай Достастық елдері халықтары мен әлем қауымдастығына үндеу қабылдады, деп хабарлады Достастық Атқару комитеті.
Онда 80 жыл бұрын көп ұлтты кеңес халқының Ұлы Отан соғысында тарихи Жеңіске жеткені айтылады.
Адамзат тарихындағы ең қанды соғыс майданда, партизан отрядтарында, оккупация және концлагерьлерде азапталып, суық пен аштықтан қаза тапқан миллиондаған адамның өмірін қиды.
Құжатта аталып өткендей, адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс 1945 жылдың мамырында біздің халықтарымыздың бірлігі мен табандылығының және жанқиярлығының арқасында жеңіспен аяқталды. Әскери бауырластық пен еңбек ерлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті алып берді.
"Біз мемлекеттеріміздің халықтары барлық сынақтан өтіп, фашизмді түпкілікті Жеңіске жетуге баға жетпес үлес қосқанын мақтан тұтамыз", - делінген үндеуде.
Мемлекет басшылары Достастық мемлекеттері халықтары мен әлем халықтарын фашизмнің, нацизмнің және милитаризмнің қайта жандануына жол бермеуге, жаңа дүниежүзілік соғысты бастау әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
ТМД елдерінің президенттері Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына толық жауапкершілік жүктелген басты нацистік қылмыскерлердің әрекеті Халықаралық әскери трибуналдың үкімімен қылмыс деп танылғанын еске салды.
"Біз соғыстың нағыз кінәлілерін ақтап алуға, нацизмді талқандауда біздің халықтардың рөлін төмендетуге, гитлерлік жазалаушылардың сыбайластарын және антигитлерлік коалицияға қарсы соғысқан, фашистермен ынтымақтаса жұмыс істегендерді, әскери қылмыстар және адамзатқа қарсы қылмыстарды жасағандарды ақтап алуға ұмтылуды қатаң айыптаймыз", - делінген үндеуде.
Үндеу Мәскеуде өткен ТМД мемлекет басшыларының саммитінде қабылданды.