https://sputnik.kz/20241007/zhyl-basynan-beri-aynalymnan-mynnan-asa-zhalgan-banknot-tarkilengen-47649942.html
Жыл басынан бері айналымнан мыңнан аса жалған банкнот тәркіленген
Жыл басынан бері айналымнан мыңнан аса жалған банкнот тәркіленген
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қолдан жасалған ақшаның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып отыр. 07.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-07T14:54+0500
2024-10-07T14:54+0500
2024-10-07T14:54+0500
банкнот
жалған ақша
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1451406e3b5c4a4069f5d446a86e0411.jpg
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қолдан жасалған ақшаның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып отыр."Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны "делдалдардан" сатып алмаңыз", — деп ескертті қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды.Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады. Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Агенттік валюта айырбастау кезінде қырағылық таныту керектігін ескертеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15704070_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_fe21e2c24066846d9378484085c7e11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкнот, жалған ақша
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қолдан жасалған ақшаның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып отыр.
"Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны "делдалдардан" сатып алмаңыз", — деп ескертті қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.
"Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ долларын құрайтын жалған шетелдік купюраны бірнеше рет сатты. Сот үкімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", — деп хабарлады агенттіктен.
Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды.
Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады. Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Агенттік валюта айырбастау кезінде қырағылық таныту керектігін ескертеді.