https://sputnik.kz/20241007/togyz-ayda-5-mln-tonna-astyq-temirzhol-koligimen-eksporttaldy-47655001.html
Тоғыз айда 5 млн тонна астық теміржол көлігімен экспортталды
Тоғыз айда 5 млн тонна астық теміржол көлігімен экспортталды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан астығы жеткізілетін негізгі мемлекеттер – Орталық Азия елдері, Қытай және Ауғанстан 07.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-07T21:36+0500
2024-10-07T21:36+0500
2024-10-07T21:36+0500
астық
экспорт
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_0:154:3009:1846_1920x0_80_0_0_cd4be0fe15071202da6d868df78c8136.jpg
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта экспортқа астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаровтың мәліметінше биылғы 9 айда 6,6 млн тонна астық пен ұн теміржолмен тасымалданды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға аз), тартылған өнімдерді тасымалдау көлемі пропорционалды түрде өскен – 2,7 млн тонна (2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 21%-ға артық).6,6 млн тонна астықтың 5 млн тоннасы экспортқа жіберілді, тек қыркүйекте ғана 900 мың тонна жөнелтілді. Тартылған өнімдердің экспорты 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде – 310 мың тонна қыркүйек айына тиесілі."Біздің алдымызда биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізу міндеті тұр, біз оның көлемін 3 млн тоннаға дейін арттыра аламыз. Сондай-ақ Ауғанстанға ұн жеткізуді ұлғайту қажет. Жаңа келісімшарттар мен логистика Алматыда өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының басты мәселелерінің бірі болуы тиіс", — деді жедел штаб отырысын қорытындылаған Серік Жұманғарин.7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда дәнді дақылдардың барлық алқабының 94%-ы, картоптың 90,5%-ы, көкөністердің 84,6%-ы, майлы дақылдардың 30%-ы, қант қызылшасының 23%-ы жиналды. Егін жинау науқаны басталғалы элеваторларға 4,4 млн тонна астық түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/977/93/9779387_170:0:2837:2000_1920x0_80_0_0_cb6e95bc22a99b8b8a45c85d0dbb1361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, экспорт
Тоғыз айда 5 млн тонна астық теміржол көлігімен экспортталды
Қазақстан астығы жеткізілетін негізгі мемлекеттер – Орталық Азия елдері, Қытай және Ауғанстан
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта экспортқа астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаровтың мәліметінше биылғы 9 айда 6,6 млн тонна астық пен ұн теміржолмен тасымалданды (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға аз), тартылған өнімдерді тасымалдау көлемі пропорционалды түрде өскен – 2,7 млн тонна (2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 21%-ға артық).
6,6 млн тонна астықтың 5 млн тоннасы экспортқа жіберілді, тек қыркүйекте ғана 900 мың тонна жөнелтілді. Тартылған өнімдердің экспорты 2,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде – 310 мың тонна қыркүйек айына тиесілі.
"Қазақстанның астығы жеткізілетін негізгі елдер – Орталық Азия (2,9 млн тонна), Қытай (1,3 млн тонна), Ауғанстан (127 мың тонна), бұл биылғы 9 ай ішіндегі көлем. Иранға 211 мың тонна, басқа елдерге – Италияға, Түркияға және Ресейге 423 мың тонна жөнелтілді. Негізгі елдерге қаңтар-қыркүйек айларында 495 мың тонна – Орталық Азияға, 639 мың тонна – Қытайға, 666 мың тонна – Ауғанстанға жөнелтілді", — деп хабарлады Бауыржан Орынбасаров.
"Біздің алдымызда биыл Қытайға 2 млн тонна астық жеткізу міндеті тұр, біз оның көлемін 3 млн тоннаға дейін арттыра аламыз. Сондай-ақ Ауғанстанға ұн жеткізуді ұлғайту қажет. Жаңа келісімшарттар мен логистика Алматыда өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының басты мәселелерінің бірі болуы тиіс", — деді жедел штаб отырысын қорытындылаған Серік Жұманғарин.
7 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда дәнді дақылдардың барлық алқабының 94%-ы, картоптың 90,5%-ы, көкөністердің 84,6%-ы, майлы дақылдардың 30%-ы, қант қызылшасының 23%-ы жиналды. Егін жинау науқаны басталғалы элеваторларға 4,4 млн тонна астық түсті.