https://sputnik.kz/20241007/quanyshtyn-koz-zhasy-prezident-qolynan-marapat-algan-ustaz-esteligimen-bolisti-47649780.html
"Қуаныштың көз жасы": президент қолынан марапат алған ұстаз естелігімен бөлісті
"Қуаныштың көз жасы": президент қолынан марапат алған ұстаз естелігімен бөлісті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абибулла... 07.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-07T14:36+0500
2024-10-07T14:36+0500
2024-10-07T14:44+0500
ұстаз
қасым-жомарт тоқаев
марапат
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47649618_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_f2d28874b10540560be178c461f053db.jpg
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абибулла Жакудаев президент қолынан марапат алды.Мұғалімнің толқып, көз жасына ерік берген сәті әлеуметтік желіде тарады. Ұлағатты ұстазбен Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесті. Абибулла Жакудаев оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шақыртуымен елордаға келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” наградасын алды.Абибулла Мыңасарұлы 1966 жылы 15 тамызда Темірлан елді мекенінде туып, сол ауылда 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ұстаз өмір жолында аз қиындық көрмегенін айтады."21 жыл бұрын жан жарым өмірден озды, екі бүлдіршін қызым қалды. Сол қыздарымды жетектеп өсірдім, екінші рет үйленбедім. Бар өмірімді қос балапаныма арнадым. Сосын еңсемді езген тағы бір оқиға - анамның өмірден озуы. Ер адам үшін анасы мен әйелінен қамқор адам жоқ. Қос бірдей жақынымнан айырылғанда қатты қайғырдым", - дейді ұстаз.Бүгін екі қызы бойжетіп, үйлі-баранды болған. Абибулла аға бірнеше немеренің атасы, бір қызы әке жолын қуып, ағылшын тілі мұғалімі мамандығын таңдаған.Шымкенттік ұстаздар әріптестерін әуежайдан күтіп алған.Түркістан облысының ұстазы Абибулла Жакудаев - білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алғыс хат алған, "Құрмет грамотасы" және "Ыбырай Алтынсарин" иегері, "ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ" арнайы төсбелгісінің иегері.“Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” наградасын алған Абибулла Жакудаев республика тарапынан 1000 айлық көрсеткіштегі сыйлық, яғни 3 692 000 теңге қаржылай ынталандыруға ие болды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/07/47649618_83:0:1199:837_1920x0_80_0_0_b65e21e7890671911fade8b58f863483.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ұстаз, қасым-жомарт тоқаев, марапат, түркістан облысы
ұстаз, қасым-жомарт тоқаев, марапат, түркістан облысы
АЛМАТЫ, 7 қазан - Sputnik. Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абибулла Жакудаев президент қолынан марапат алды.
Мұғалімнің толқып, көз жасына ерік берген сәті әлеуметтік желіде тарады. Ұлағатты ұстазбен
Sputnik Қазақстан тілшісі тілдесті.
Абибулла Жакудаев оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шақыртуымен елордаға келіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” наградасын алды.
"Баланы оқушы деп емес, қанымнан тараған балам деп есептеймін. Осы жылдар ішінде 600-ден астам олимпиадаларға қатысыппыз. Оқушым қуанса қуанамын, уайымдаса бірге қайғырамын", - дейді Абибулла Жакудаев.
Абибулла Мыңасарұлы 1966 жылы 15 тамызда Темірлан елді мекенінде туып, сол ауылда 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ұстаз өмір жолында аз қиындық көрмегенін айтады.
"21 жыл бұрын жан жарым өмірден озды, екі бүлдіршін қызым қалды. Сол қыздарымды жетектеп өсірдім, екінші рет үйленбедім. Бар өмірімді қос балапаныма арнадым. Сосын еңсемді езген тағы бір оқиға - анамның өмірден озуы. Ер адам үшін анасы мен әйелінен қамқор адам жоқ. Қос бірдей жақынымнан айырылғанда қатты қайғырдым", - дейді ұстаз.
Бүгін екі қызы бойжетіп, үйлі-баранды болған. Абибулла аға бірнеше немеренің атасы, бір қызы әке жолын қуып, ағылшын тілі мұғалімі мамандығын таңдаған.
"Менің еңбегімнің еленгені әріптестерімнің, аудандық, облыстық білім басқармасының еңбегі. Президент қолынан марапат алғанда рас, көз жасыма ерік бердім. Бұл қуаныштың, еленген еңбектің көз жасы еді. Президентіме, еліме, әріптестеріме, жерлестеріме қадірім бар екен-ау деп жыладым. Президентіміздің жүзінен нұр төгіліп тұр. Ол кісінің қолынан марапат алған сәтімді ешбір сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен үшін 40 жылдан астам еңбек жолымдағы ешқашан ұмытылмас сәт", - дейді Абибулла Жакудаев.
Шымкенттік ұстаздар әріптестерін әуежайдан күтіп алған.
Түркістан облысының ұстазы Абибулла Жакудаев - білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" төсбелгісінің иегері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алғыс хат алған, "Құрмет грамотасы" және "Ыбырай Алтынсарин" иегері, "ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗ" арнайы төсбелгісінің иегері.
“Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” наградасын алған Абибулла Жакудаев республика тарапынан 1000 айлық көрсеткіштегі сыйлық, яғни 3 692 000 теңге қаржылай ынталандыруға ие болды.