Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған ер адам Ресейден экстрадицияланды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2024
Жазылу
Ол осыдан тоғыз жыл бұрын Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Бас прокуратура қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған ер адамды Ресейден экстрадициялады.
Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.
"Қылмыстың салдарынан мейрамхана иесіне 46 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды", - деп жазылған Бас прокуратураның хабарламасында.
Биыл мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетері, мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0