Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Песков Украинаның бейбітшілік жоспарлары туралы ақпаратқа түсініктеме берді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЗаместитель руководителя администрации президента, пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков
Заместитель руководителя администрации президента, пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы жағдайға қатысты бейбітшілік жоспарлары туралы хабарларға түсініктеме бере отырып, қазір бұл тақырыпта көп басылым ақпарат жариялап жатқанын, бірақ олардың ешқайсысының шынайы негізі жоқ екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Қазір бұл тақырып бойынша көп ақпарат жарияланып жатыр, көптеген түрлі талқылау, пайымдаулар жүріп жатыр. Бірақ әзірге бұл пайымдаулардың ешқайсысында нақты негіз жоқ", - деп жауап берді Песков журналистердің осы мәселе бойынша сұрақтарына.
Айта кетері, Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылы Қырым, КХДР, ЛНР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін мойындауды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды қарастыратын Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жаңа бейбіт ұсыныстар жасады. Киевте бұл бастама қабылданбады.
Украина қарулы күштерінің Курск аймағына шабуылынан кейін Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға бей-берекет соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысатын тараппен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кейінірек Путин бұрын мәлімдеген украиналық реттеу туралы бейбіт ұсыныстары күшін жоймағанын, бірақ қазіргі уақыттағы жағдайды ескере отырып, Ресей Украинамен диалог жүргізбейтінін айтты.
Жаңалықтар
0