Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды

© Photo : МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2024
Жазылу
Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді
АСТАНА, 7 қазан - Sputnik. Павлодар облысындағы дала өрті оқшауланды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Сағат 14.30-да Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы жалпы ауданы 10000 га дала өрті оқшауланды", - деп жазылған хабарламада.
Өртті оқшаулауға 236 адам, 42 бірлік техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Барлығы 29 рет 64 тонна көлемінде су төгілді. Су Шалқаркөл көлі және Желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.
Қазіргі уақытта шабынды шөптің жергілікті өрт ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде.
Жаңалықтар
0