Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

© Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметіҮлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр
Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 қазан - Sputnik. Үлкен ауылдық округіндегі №332 референдум учаскесі жұмысын бастады. Таңертеңнен бастап ауылдың тұрғыны дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.
"Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың елдің болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Мені бүгінгі референдумға азаматтық борышым жетеледі. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек", – деді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.
Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта олардың барлығы сайлаушыларды қабылдауда.
Еске салсақ, атаом электр стансасын салынатын аумақ ретінде МАГАТЭ сарапшылары Алматы облысының Үлкен ауылын қарастырған еді.
Жаңалықтар
0