https://sputnik.kz/20241006/pavlodar-oblysynda-onnan-asa-mugalim-3-mln-700-myn-tengeden--syyaqy-aldy-47627397.html
Павлодар облысында оннан аса мұғалім 3 млн 700 мың теңгеден сыйақы алды
Павлодар облысында оннан аса мұғалім 3 млн 700 мың теңгеден сыйақы алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 қазан - Sputnik. Павлодар облысында 11 мұғалім төл мерекелерінде 3 млн 692 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 06.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-06T13:41+0500
2024-10-06T13:41+0500
2024-10-06T13:41+0500
павлодар облысы
ұстаз
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/06/47627073_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d4c5308d782ea3f758f71125584f3fd2.jpg
АЛМАТЫ, 6 қазан - Sputnik. Павлодар облысында 11 мұғалім төл мерекелерінде 3 млн 692 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Ұлағат-2024" деп аталатын ұстаздардың салтанатты шарасында ең білікті 11 ұстазды облыс әкімі Асаин Байханов марапаттады. Республика бойынша ең қомақты сыйлықты Павлодар облысы береді. Айта кетейік, бұндай шешім 2020 жылы қабылданған. Содан бері жыл сайын дәстүрге айналған. Үш жылда 86 мұғалім осындай жоғары марапатқа ие болса, биыл олардың саны 11 ұстазға толықты. "Лауреаттар әрдайым өздерінің жоғары жетістіктері мен тәрбиеленушілерінің елеулі жетістіктері бар педагогтар. Номинанттарды іріктеу үшін жыл сайын комиссия жұмыс істейді, ол кандидатураларды қарастырады және ережелерге сәйкес балл қояды. Биыл 96 өтінім беріліп, тек он бір үздік сыйлық алуға лайық болды", - дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина. Бұл жолы 3 692 000 теңгені алған ұстаздар - қала мектептері мен ауыл мектептерінің және колледж мұғалімдері. Мұғалімдерді осы сыйлықпен көтермелеуге арналған қаражат жыл сайын облыстық бюджеттен педагогтің жоғары мәртебесін қолдау стратегиясы шеңберінде бөлінеді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/06/47627073_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2774a06e8214cec2033fcf99c7508150.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
павлодар облысы, ұстаз
Павлодар облысында оннан аса мұғалім 3 млн 700 мың теңгеден сыйақы алды
АЛМАТЫ, 6 қазан - Sputnik. Павлодар облысында 11 мұғалім төл мерекелерінде 3 млн 692 мың теңгеден сыйақы алды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Ұлағат-2024" деп аталатын ұстаздардың салтанатты шарасында ең білікті 11 ұстазды облыс әкімі Асаин Байханов марапаттады. Республика бойынша ең қомақты сыйлықты Павлодар облысы береді.
Айта кетейік, бұндай шешім 2020 жылы қабылданған. Содан бері жыл сайын дәстүрге айналған. Үш жылда 86 мұғалім осындай жоғары марапатқа ие болса, биыл олардың саны 11 ұстазға толықты.
"Лауреаттар әрдайым өздерінің жоғары жетістіктері мен тәрбиеленушілерінің елеулі жетістіктері бар педагогтар. Номинанттарды іріктеу үшін жыл сайын комиссия жұмыс істейді, ол кандидатураларды қарастырады және ережелерге сәйкес балл қояды. Биыл 96 өтінім беріліп, тек он бір үздік сыйлық алуға лайық болды", - дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.
Бұл жолы 3 692 000 теңгені алған ұстаздар - қала мектептері мен ауыл мектептерінің және колледж мұғалімдері.
Мұғалімдерді осы сыйлықпен көтермелеуге арналған қаражат жыл сайын облыстық бюджеттен педагогтің жоғары мәртебесін қолдау стратегиясы шеңберінде бөлінеді.