Сертификаттар сәйкес келмейді: Қазақстан Үндістанға 70 тоннаға жуық күрішті қайтарды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуКүріш
Күріш - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2024
Жазылу
Аймақ шекараларында бірқатар заң бұзушылық анықталды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Үндістаннан Таразға жөнелтілген 66,9 тонна күріш ұсынылған фитосанитарлық сертификатқа сәйкес келмеген, деп хабарлады Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі.
Маңғыстау облысында "Болашақ" фитосанитарлық бақылау бекетінің инспекторлары импортталатын карантинге жатқызылған өнімдерде фитосанитарлық талаптардың бұзылуын анықтады.
"Маңғыстау облысынан бөлек Қазақстанның басқа аймақтарында да заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Жамбыл облысында фитосанитарлық сертификаты болмағандықтан 22 тонна жаңғақ Қырғызстанға қайтарылған", - деп жазылған хабарламада.
Дәл осындай жағдай Қостанай облысындағы "Қайрақ" фитосанитарлық бақылау бекетінде де тіркеліп, Ресейге 22,9 тонна картоп қайтарылды.
Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" фитосанитарлық бақылау бекеті арқылы қажетті құжатсыз алма әкелу әрекетінің жолы кесілді.
Сондай-ақ, "Астана" халықаралық әуежайы фитосанитарлық бақылау бекетінде фитосанитарлық сертификаттары жоқ Ресейден келген көшеттер анықталды. Бұл жүк те импорттаушы елге қайтарылды.
Фитосанитарлық бақылау бекеттерінде басқа да фактілер анықталды. Барлық фактілер бойынша өнім иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Рис - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2024
Қызылордалық диқандар күріш жинау науқанын бастады
Жаңалықтар
0