Қазақстанда тыныштық күні жарияланды – заң бойынша не істеуге болмайды
© Sputnik / Санат ИмангалиевРеферендумға дайындық бойынша ОСК отырысы
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Бүгін, 5 қазан - АЭС салу бойынша республикалық референдум алдындағы тыныштық күні. Заң бойынша бұл күні ешқандай үгіт-насихат жүргізілмеуі шарт. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
"Республикалық референдум туралы" конституциялық заңның 7-бабына сәйкес, референдумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
"Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн", - делінген заң нормасында.
Осылайша, референдум комиссияларының үй-жайынан және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орында қалдыруға болады.
Сондай-ақ, интернет желісінде бұрын жарияланған үгіт материалдарын қалдыруға рұқсат етіледі. Бұрын орналастырылған материалды интернет-ресурстың басты бетіне шығаруға тыйым салынады.
Сауалнама жүргізуге тыйым салынған
Республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу мәселесі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" заңмен реттеледі. Онда дауыс беру нәтижелерінің болжамына байланысты зерттеулерді жариялауға болмайды.
Мұндай сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пункте жүргізуге болмайды. Оларды тіркелген және Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте жүргізе алады.
Қоғамдық пікірді зерттей алатын ұйымдар
Бұған дейін Орталық референдум комисиясы 6 заңды тұлғадан тиісті құжаттардың көшірмелері түскенін хабарлады. Олар қоғамдық пікірге сауал сала алады.
1.
"AMANAT" партиясының "Қоғамдық саясат институты" - сауал салу әдісі: "face to face" сұхбаты, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауал салу (exit-poll);2.
"Астана - кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" қоғамдық қоры ИКСИ "СОЦИС-А" - сауал салу әдісі: "face to face" сұхбаты, әлеуметтік желілер мен ақпараттық бюллетеньдерді қолдана отырып қашықтықтан сауал салу жүргізу, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пункттерінен тыс сауалнама (exit-poll);3.
"Демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясы" қоғамдық бірлестігі – сауал салу әдісі: "face to face" сұхбаты;4.
"Еуразиялық интеграция институты" ЖШС – сауал салу әдісі: дауыс беру күні референдум учаскелерінен шыға берісте қоғамдық пікір жинауды өткізу (exit-poll);5.
"KT Cloud Lab" ЖШС - сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал салу, сауал салу тақырыбы: "Қазақстандықтардың Жолдауға және АЭС салу туралы мәселеге көзқарасы";6.
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы - сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал салу.Сауалнама нәтижесі қашан жарияланады
Сауалнама нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында дауыс беру күнінен кейін, яғни 7 қазанда сағат 00.00-ден бастап жариялауға рұқсат етіледі.
Ал заң талаптарын сақтамағандар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы "Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу" және 120-бабы "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
жеке тұлғаларға – 15 АЕК (55 380 теңге);
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (73 840 теңге);
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 АЕК (92 300 теңге);
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК (129 220 теңге).
АЭС саламыз ба
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салуға қатысты республикалық референдум өтеді. АЭС саламыз ба, жоқ па, халық осы мәселенің шешімін өзі таңдайды. Бүгінде барлық дауыс беру учаскелері дайын, оған бюллетеньдер бір-екі күн бұрын жеткізіледі.
Республикалық референдумға бір ғана мәселе шығарылады. Бюллетеньде "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ болады. Оған "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру керек. Ал АЭС салатын компаниялар көрсетілмейді. Себебі атом электр станциясы салына ма, жоқ па, әзірше белгісіз. Оны халықтың таңдауы, яғни, алдағы референдум көрсетеді.
Sputnik Қазақстан алдағы референдумға қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын әзірлеген болатын.