https://sputnik.kz/20241005/barsha-zhetistiktin-bastauynda-ustaz-tur--toqaev-47593036.html
Барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр – Тоқаев
Барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады. 05.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-05T13:48+0500
2024-10-05T13:48+0500
2024-10-05T14:02+0500
ұстаз
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47574408_0:150:1280:870_1920x0_80_0_0_35c1d000dc3f6746ad462ef944512faf.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.Ақордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Президенті дарынды ұстаздар бүкіл халықтың ең жақсы қасиеттерін қалыптастыратынын атап өтті.Тоқаев саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне ұстаздармен бірге ата-аналар да атсалысуы қажет деп санайды. Бұл орайда, Президент мұғалімдердің пандемия, су тасқыны кезінде оқу үдерісін тоқтатпай, міндетін адал атқарып, елге жанашырлық танытқанын мысал етті. Оқушыларды білімпаздыққа, отаншылдыққа, еңбекқорлыққа баулу қажет. Әрине, қазіргі заманда бұл оңай шаруа емес. Соңғы кезде интернеттің теріс бағыттағы шырмауына түскен жастар көбейіп кетті. Біз балаларды түрлі қатерден қорғай білуіміз керек. Осыған байланысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Менің тапсырмаммен "Біртұтас тәрбие" атты арнайы бағдарлама дайындалды. Бұл құжатта Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілді. Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды, – деді Мемлекет басшысы.Мемлекет басшысы Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбегі ерен мұғалімдер жеткілікті екенін атап өтіп, алдағы уақытта олар да назардан тыс қалмайтынын айтты.Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/05/47574408_60:0:1220:870_1920x0_80_0_0_cec0ca812492b0c03118bb2fba4d8737.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұстаз, қасым-жомарт тоқаев
ұстаз, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Ақордада өткен салтанатты шарада Қазақстан Президенті дарынды ұстаздар бүкіл халықтың ең жақсы қасиеттерін қалыптастыратынын атап өтті.
Тоқаев саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне ұстаздармен бірге ата-аналар да атсалысуы қажет деп санайды. Бұл орайда, Президент мұғалімдердің пандемия, су тасқыны кезінде оқу үдерісін тоқтатпай, міндетін адал атқарып, елге жанашырлық танытқанын мысал етті.
"Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық", – деді президент.
Оқушыларды білімпаздыққа, отаншылдыққа, еңбекқорлыққа баулу қажет. Әрине, қазіргі заманда бұл оңай шаруа емес. Соңғы кезде интернеттің теріс бағыттағы шырмауына түскен жастар көбейіп кетті. Біз балаларды түрлі қатерден қорғай білуіміз керек. Осыған байланысты нақты шаралар қабылданып жатыр. Менің тапсырмаммен "Біртұтас тәрбие" атты арнайы бағдарлама дайындалды. Бұл құжатта Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілді. Мектептерде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбегі ерен мұғалімдер жеткілікті екенін атап өтіп, алдағы уақытта олар да назардан тыс қалмайтынын айтты.
"Ұстаздар әулетіне айрықша мән беріледі. Бүгін мен білім беру ісінде 350 жыл еңбек өтілі бар Асылаевтар отбасы туралы мақаланы оқыдым. Олар Абай облысында тұрады екен. Мұндай өнегелі әулеттер елімізде көп деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын соңында Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ педагогке "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын тапсырды.