ТМД қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің отырысы өтті

© Photo : АкордаТокаев принял руководителей органов безопасности и спецслужб СНГ
Токаев принял руководителей органов безопасности и спецслужб СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Жазылу
Мақсаты – мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды кеңейту
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысы өтті, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Отырыс барысында соңғы отырыстан бастап өткен кезең үшін өзара іс-қимыл жасау нәтижелері қаралды. Арнаулы қызметтердің халықаралық терроризм, заңсыз көші-қон, трансұлттық қылмыс, киберқылмыс және есірткі бизнесі саласындағы қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.
"Отырыс қорытындылары бойынша арнаулы ведомстволардың басшылары ынтымақтастықтың нысандары мен бағыттарын кеңейту, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді", - деп жазылған хабарламада.
Отырыс жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, ТМД Атқарушы комитеті мен Терроризмге қарсы орталығының делегациялары қатысты.
Еске сала кетейік, іс-шара басталар алдында делегация басшыларын Қазақстан президенті қабылдады. Кеңес қатысушыларына жолдаған үндеуінде Тоқаев жедел және талдамалық ақпаратпен уақтылы алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен қауіптерге қарсы тұрудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін, елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді әзірлеуге ықпал ететінін атап өтті.
Токаев принял руководителей органов безопасности и спецслужб СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Тоқаев ТМД елдері қауіпсіздік органдары басшыларын қабылдады
Жаңалықтар
0