Шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға Түркістан облысының әкімі көлік сыйлады

© Түркістан облысының әкімдігіШәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға Түркістан облысының әкімі көлік сыйлады
Шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға Түркістан облысының әкімі көлік сыйлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Түркістанда Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады.

Оның ішінде 10 ұстаз “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен 20 педагог “Құрмет грамотасын” алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған “Түркістан Білім-инновация” лицейінің география пәнінің мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына облыстың атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр.
Бұдан бөлек, оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған, өзі іскер, белсенді, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук тарту етілді.
Жаңалықтар
0