Референдум-2024: Қазақстан азаматтары шетелде дауыс бере алады

© Sputnik / Мурад Оруджев / Медиабанкке өтуРеферендум по поправкам в конституцию Казахстана
Референдум по поправкам в конституцию Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Жазылу
Шетелдегі учаскелерде рферендум жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 59 шет мемлекетте 74 референдум учаскесі ашылды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.
Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.
Қазақстан президентінің 2 қыркүйектегі жарлығына сәйкес 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыреспубликалық референдум өтеді.
Заседание ЦИК по подготовке к проведению референдума - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Тоқаев алдағы референдумға қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0