Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон Киев өзін қорғай алады деп санайды

© Photo : DoD/Lisa FerdinandoАмериканский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон
Американский флаг на здании Министерства обороны США в годовщину терактов 11 сентября, Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. АҚШ Киев өзін Ресейдің шабуылынан тәуелсіз қорғай алады деп санайды, ал Вашингтонның Украина аспанындағы зымырандарды жоюға қатысуы оның қақтығысқа тікелей қатысуын білдіреді, деді Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх.
"Бұл бізді басқа жолмен қақтығысқа тартады. Біздің ойымызша, Украина Ресейдің шабуылынан сәтті қорғана алады", - деді ол брифинг барысында.
Осылайша, шенеунік АҚШ Украина аспанындағы ресейлік зымырандарды Румыния немесе Польша аумағынан атып түсіруді жоспарлап отыр ма деген сұраққа жауап берді. Сонымен қатар Сингх Вашингтонның "Киевке қажетті қолдау көрсетуді жалғастыратынын" айтты, бірақ америкалық әскерді Украина аумағына жіберу туралы әңгіме болуы мүмкін емес.
"Президент АҚШ-тың Украинаға әскер кіргізбейтіні туралы міндеттеме алды. Дегенмен біз оның егеменді аумағын қайтарып алу әрекетін қолдаймыз", - деді ресми өкіл.
Бейсенбі күні таңертең Владимир Зеленский Киевтің одақтастары Ресейдің Украинаға қарай ұшатын зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарын атып түсіруге дайын емес екенін және НАТО-ға мүше болуда қиындықтар туындап жатқанын айтты.
Ресми Киев бұған дейін Батыс елдерін Украина жеріндегі зымырандарды өз территориясынан атып түсіруге шақырған. Маусым айының соңында Франс Пресс агенттігі Украина шенеуніктеріне сілтеме жасап Киевтің Польша мен Румынияда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орналастыру арқылы еуропалық одақтастарын Украинаның батысында ұшуға тыйым салынған аймақ құруға итермелеп жатқанын жазды.
Жаңалықтар
0