https://sputnik.kz/20241004/astanada-tmd-elderinin-qauipsizdik-organdary-men-arnayy-qyzmetterinin-basshylary-kezdesedi-47533466.html
Астанада ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшылары кездеседі
Астанада ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшылары кездеседі
Sputnik Қазақстан
Отырыста басты назар экстремизм мен терроризммен күреске аударылады 04.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-04T08:21+0500
2024-10-04T08:21+0500
2024-10-04T10:34+0500
тмд
терроризм
экстремизм
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438363_0:0:3500:1969_1920x0_80_0_0_b073aa6e764c9ac3ff9980cc978ae5cf.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Астанада ТМД елдерінің арнаулы қызметтерінің басшылары терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес мәселелерін талқылайды.Кеңес мүшелері терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте Достастық елдері арнайы қызметтерінің өзара іс-қимылын жақсартуға назар аударады.ТМД елдеріне кіру және шығу арналарында халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерін және басқа да радикалды элементтерді іздеуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі шараларды әзірлеу, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Негізгі ұйымының жұмысын қорытындылау, терроризмге және экстремизмнің басқа да көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу және келесі жылы атқарылатын жұмыс бағыттарын айқындау жоспарланып отыр.Бір уақытта жедел қызметтің нақты бағыттары бойынша ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің жұмыс органдарының отырыстары өткізіледі.Достастық мемлекеттерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кеңесі ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 1997 жылғы 28 наурыздағы шешімімен құрылды.Кеңес төрағалығын оның мүшелерінің шешімімен Ресей ФСБ директоры атқарады. Кеңес қызметінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет ТМД елдерінің аумақтарында кезектесіп өткізіледі.Кеңестің алдыңғы отырысы 2024 жылы 24 мамырда Бішкекте өткен болатын. Онда халықаралық лаңкестік ұйымдардың, сондай-ақ ТМД мемлекеттеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында шетелде жауынгерлік дайындық пен тәжірибеден өткен тұлғалардан болатын қауіп-қатерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35438363_438:0:3063:1969_1920x0_80_0_0_b2b45bd6d7b7722cd5d00ee6d80b62c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, терроризм, экстремизм
тмд, терроризм, экстремизм
Астанада ТМД елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшылары кездеседі
08:21 04.10.2024 (жаңартылды: 10:34 04.10.2024) Отырыста басты назар экстремизм мен терроризммен күреске аударылады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Астанада ТМД елдерінің арнаулы қызметтерінің басшылары терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес мәселелерін талқылайды.
Кеңес мүшелері терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте Достастық елдері арнайы қызметтерінің өзара іс-қимылын жақсартуға назар аударады.
ТМД елдеріне кіру және шығу арналарында халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерін және басқа да радикалды элементтерді іздеуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі шараларды әзірлеу, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Негізгі ұйымының жұмысын қорытындылау, терроризмге және экстремизмнің басқа да көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу және келесі жылы атқарылатын жұмыс бағыттарын айқындау жоспарланып отыр.
Бір уақытта жедел қызметтің нақты бағыттары бойынша ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің жұмыс органдарының отырыстары өткізіледі.
Достастық мемлекеттерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кеңесі ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 1997 жылғы 28 наурыздағы шешімімен құрылды.
Кеңес төрағалығын оның мүшелерінің шешімімен Ресей ФСБ директоры атқарады. Кеңес қызметінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет ТМД елдерінің аумақтарында кезектесіп өткізіледі.
Кеңестің алдыңғы отырысы 2024 жылы 24 мамырда Бішкекте өткен болатын. Онда халықаралық лаңкестік ұйымдардың, сондай-ақ ТМД мемлекеттеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында шетелде жауынгерлік дайындық пен тәжірибеден өткен тұлғалардан болатын қауіп-қатерге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі ұсыныстар қаралды.