https://sputnik.kz/20241003/maskeudegi-et-cetera-teatry-almatyda-ulken-gastrol-otkizedi-47524020.html
Мәскеудегі Et Cetera театры Алматыда “Үлкен гастроль” өткізеді
Мәскеудегі Et Cetera театры Алматыда “Үлкен гастроль” өткізеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның оңтүстік астанасындағы театр көрермендерін танымал қойылымдар, ал актерлерді аты аңызға айналған ресейлік әртіспен кездесу күтеді 03.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-03T18:06+0500
2024-10-03T18:06+0500
2024-10-03T18:06+0500
мәскеу
театр
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/03/47517560_0:77:1280:797_1920x0_80_0_0_198f7f5f1a6fc169f1121c2bb784b2df.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматыда 15 және 16 қазанда Александр Калягиннің жетекшілігімен Et Cete театрының “Үлкен гастролі” өтеді.Театр Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының сахнасында Евгений Скрибенің пьесасы бойынша Борис Морозов қойған “Бір стақан су” және авторы мен режиссері Рустам Ибрагимбеков “Тұманды таң” спектакльдерін ұсынады.Ал “Et Cetera” театрының көркемдік жетекшісі, РКФСР халық әртісі Александр Калягин Алматы театрларының әртістері үшін шығармашылық кездесу өткізеді.Мәскеулік “Et Cetera” театры үшін бұл Қазақстандағы алғашқы гастроль.“Біз қазақстандық көрерменмен кездесуден ұмытылмас әсер алатынымызға сенімдіміз. Гастроль бағдарламасы ауқымды, дегенмен біз қаланы аралап, мәдени орталықтың көрікті жерлерімен және дәстүрлерімен танысуға уақыт табамыз деп үміттенеміз”, - делінген театр хабарламасында.Бір стақан суПьеса атақты француз драматургі Эжен Скрибенің 1840 жылғы пьесасына негізделген.“Бір стақан су” пьесасы - бір жарым ғасыр бойы өзектілігін сақтап қалған классикалық комедия. Саяси оқиғалар махаббат хикаяларымен ұштасып, соғыс жүріп жатқан елдердің тағдырын жас, сымбатты офицерге ғашық үш ару шешеді. Дәлірек айтқанда, біреуінің қызғанышы, екіншісінің алдауы және үшіншісінің шынайы махаббаты.Қойылым 15 қазан күні сағат 19.00-де өтеді.Тұманды таңКөп жылдардан кейін атақты актрисаға бір кездері сүйген ер адамдар келеді.Олар әйелдің жас күйде қалғаны таңғалдырады. Өйткені, ер адамдар әбден қартайған. Әйел жастығының сыры қарапайым – ол сүю қабілетін жоғалтпаған. Бұл өте шынайы болғанымен, ертегіге ұқсайтын оқиға.Бұл лирикалық комедияны белгілі жазушы, сценарист, драматург, режиссер Рустам Ибрагимбеков жазған.Шығарма 16 қазан күні сағат 19.00-де көрсетіледі.“Үлкен гастрольдер” жобасы (театрлар гастролі) Ресейдегі және шетелдегі театр ұжымдары мен көрермендер арасындағы шығармашылық байланыс аясын кеңейтуге арналған.Театрдың Алматыдағы “Үлкен гастрольдерін” “Росконцерт” федералдық мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі ұйымдастырды.
мәскеу
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/03/47517560_58:0:1222:873_1920x0_80_0_0_fdd3981d26dfbe712471189d210669d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәскеу, театр
Мәскеудегі Et Cetera театры Алматыда “Үлкен гастроль” өткізеді
Қазақстанның оңтүстік астанасындағы театр көрермендерін танымал қойылымдар, ал актерлерді аты аңызға айналған ресейлік әртіспен кездесу күтеді
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Алматыда 15 және 16 қазанда Александр Калягиннің жетекшілігімен Et Cete театрының “Үлкен гастролі” өтеді.
Театр Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының сахнасында Евгений Скрибенің пьесасы бойынша Борис Морозов қойған “Бір стақан су” және авторы мен режиссері Рустам Ибрагимбеков “Тұманды таң” спектакльдерін ұсынады.
Ал “Et Cetera” театрының көркемдік жетекшісі, РКФСР халық әртісі Александр Калягин Алматы театрларының әртістері үшін шығармашылық кездесу өткізеді.
Мәскеулік “Et Cetera” театры үшін бұл Қазақстандағы алғашқы гастроль.
“Біз қазақстандық көрерменмен кездесуден ұмытылмас әсер алатынымызға сенімдіміз. Гастроль бағдарламасы ауқымды, дегенмен біз қаланы аралап, мәдени орталықтың көрікті жерлерімен және дәстүрлерімен танысуға уақыт табамыз деп үміттенеміз”, - делінген театр хабарламасында.
Пьеса атақты француз драматургі Эжен Скрибенің 1840 жылғы пьесасына негізделген.
“Бір стақан су” пьесасы - бір жарым ғасыр бойы өзектілігін сақтап қалған классикалық комедия. Саяси оқиғалар махаббат хикаяларымен ұштасып, соғыс жүріп жатқан елдердің тағдырын жас, сымбатты офицерге ғашық үш ару шешеді. Дәлірек айтқанда, біреуінің қызғанышы, екіншісінің алдауы және үшіншісінің шынайы махаббаты.
Қойылым 15 қазан күні сағат 19.00-де өтеді.
Көп жылдардан кейін атақты актрисаға бір кездері сүйген ер адамдар келеді.
Олар әйелдің жас күйде қалғаны таңғалдырады. Өйткені, ер адамдар әбден қартайған. Әйел жастығының сыры қарапайым – ол сүю қабілетін жоғалтпаған. Бұл өте шынайы болғанымен, ертегіге ұқсайтын оқиға.
Бұл лирикалық комедияны белгілі жазушы, сценарист, драматург, режиссер Рустам Ибрагимбеков жазған.
Шығарма 16 қазан күні сағат 19.00-де көрсетіледі.
“Үлкен гастрольдер” жобасы (театрлар гастролі) Ресейдегі және шетелдегі театр ұжымдары мен көрермендер арасындағы шығармашылық байланыс аясын кеңейтуге арналған.
Театрдың Алматыдағы “Үлкен гастрольдерін” “Росконцерт” федералдық мемлекеттік бюджеттік мәдениет мекемесі ұйымдастырды.