Ауыл шаруашылығы министрлігі жиналған астықтың көлемін жариялады

© Photo : пресс-служба акима Актюбинской областиСбор урожая
Сбор урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Жазылу
Жиналған өнімнің 60 проценттен астамының сапасы жақсы
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі биылғы астықтың алдын ала көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Ермек Кенжеханұлының айтуынша, республикада бидайдың басым бөлігі жиналды.
"Жалпы көлемі 21 миллион тоннадан асады. Сонда бүгінде бір гектардан 14,8 центнер шығып тұр", - деді Кенжеханұлы сенатта өткен брифингте.
Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде астық жинау науқаны аяқталды. Ал солтүстік аймақтарда әлі жүріп жатыр.
Кенжеханұлы астықтың сапасына да тоқталды.
"Астықтың сапасы әртүрлі, соған қарай бөлінеді. Бірақ жиналған өнімнің 60 проценттен астамының сапасы жақсы", - деп атап өтті вице-министр.
Жаңалықтар
0