АҚШ елшілігі референдум қарсаңында журналистерді кеудешемен жабдықтады

© Sputnik / Владислав ВодневМитинг в день выборов в Нур-Султане
Митинг в день выборов в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Жазылу
Қазақстан полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшірілді
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. "Құқықтық медиа-орталық" үкіметтік емес ұйымы Америка Құрама Штаттарының елшілігі берген қаражатқа журналистер үшін кеудешелер сатып алды.
БАҚ саласында жұмыс істейтін және Қазақстандағы журналистерді құқықтық қорғау мен оқытуға бағытталған үкіметтік емес ұйым әр редакцияға "Press" деген жазуы бар екі жилет беруге дайын.
АҚШ-тың Қазақстан медиа саласына ықпалы кеңейіп келеді. Мысалы, Factcheck.kz порталы "фактілерді тексеру бойынша жаһандық бағдарламасы аясында Meta*-ның алғашқы қазақстандық серіктесі" болды.
"Фактчекер материалды жалған, ішінара жалған немесе өзгертілген деп бағалағанда Meta* жаңалықтар арнасындағы оның көрсетілуін азайтады. Бұл жалған ақпараттың таралуын болдырмауға және оны көретін адамдардың санын азайтуға көмектеседі", - деп хабарлады Meta*.
Егер арнада "жалған ақпарат" көп болса, олар алдымен қамтуды азайтады, содан кейін ол жабылуға дейін жетуі мүмкін.
*Meta және оның өнімдері – Facebook пен Instagram-ға Ресейде тыйым салынған.
Жаңалықтар
0