Алматыда алғаш рет хоккейден Азия чемпионаты өтеді

© Photo : sports.kzСборная Казахстана по хоккею
Сборная Казахстана по хоккею - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2024
Жазылу
Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болмақ
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Хоккейден Азия чемпионаты тарихта алғаш рет Халықаралық хоккей федерациясының қолдауымен өтеді.
Турнир 2024 жылдың 6-9 қарашасы аралығында Алматыда Halyk Arena-да өтеді деп жоспарланған. Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады. Бұл оқиға құрылықтың бірінші чемпионаты ретінде тарихта қалады. Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы Алматыда алғаш рет өнер көрсетеді.
Halyk Arena-да соңғы рет халықаралық хоккей жарысы 2017 жылғы Қысқы Универсиада аясында өтті. Ол кезде студенттер құрамасы турнирдің күміс жүлдесін алды. Сондай-ақ Алматы қаласы сонау 2003 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионының А тобын қабылдаған болатын. Шешуші кездесуде жастар құрамасы Жапониядан жеңілді.
Хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты Қытайдың Бейжің қаласында 2024 жылдың 31 қазаны мен 3 қарашасы аралығында өтеді. Онда да Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай құрамалары өнер көрсетеді.
Айта кетері, алдағы турнирлер Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында өтетін Азия ойындарына дайындық жарысы болмақ.
Жаңалықтар
0