Шығыс Қазақстанда полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2024
Жазылу
Сот шешімі бойынша 9 азамат Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.
Мысалы, Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші мемлекеттің азаматтығын алған, бірақ бұл туралы заңда белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
"Шетелдіктің жеке куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айыру туралы шешім тіркелді. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК көлемінде айыппұл төледі", – деп атап өтті ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері тәртіп сақшылары қос азаматтықты ресімдеген облыстың 48 тұрғынын анықтады, оның 9-ы сот шешімі бойынша ел аумағынан шығарылды.
ШҚО ПД көші-қон қызметі Қазақстанның Конституциясына сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтіндігін ескертті.
Жаңалықтар
0