https://sputnik.kz/20241002/qazaqstanda-qorshagan-ortany-qorgauga-arnalgan-shygyndar-zhyl-sayyn-artyp-keledi-47489640.html
Елде қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар жыл сайын артып келеді
Елде қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар жыл сайын артып келеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Биыл Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар 343 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ке артық, деп... 02.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-02T13:49+0500
2024-10-02T13:49+0500
2024-10-02T14:26+0500
экология
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37427008_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_11cf8736665c9fb7ccfc6d4b851cfc2d.jpg
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Биыл Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар 343 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ке артық, деп жазды Energyprom.kz.Бұл шығындар үшінші жыл қатарынан өсіп келеді. Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғаудың шығындары - бұл кәсіпорындардың ластаушы заттардың алдын алуға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-шараларға, технологиялар мен жабдықтардың жұмысын қолдауға арналған шығындары.Былтыр бұндай шығындар — Атырау (54,5 млрд теңге), Павлодар (49,8 млрд теңге), Ақтөбе (49,5 млрд теңге) және Қарағанды (37,8 млрд теңге) облыстарына ғана тиесілі болды. Ағымдағы шығындардың едәуір көлемі Шығыс Қазақстан (33,8 млрд теңге) және Қостанай (23,3 млрд теңге) облыстарында да тіркелді.Сонымен қатар елімізде ластаушы заттар шығарындыларының көздері 2022 жылы 227,6 мыңнан 2023 жылы 233,8 мыңға дейін өсті.Былтыр қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың 82%-ке жуығы өңдеу және тау-кен өнеркәсібіне тиесілі болды.Қазақстанда энергия өндіруден көміртегі шығарындыларының көлемі бір жыл ішінде 11,2%-ке, 277,5 млн-нан 308,7 млн тоннаға дейін өсіп, рекордтық мәнге жетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/09/37427008_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_4466a42f084812de5e8a3e3b876f7cfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология
АЛМАТЫ, 2 қазан - Sputnik. Биыл Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар 343 млрд теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ке артық, деп жазды Energyprom.kz.
Бұл шығындар үшінші жыл қатарынан өсіп келеді. Айта кетейік, қоршаған ортаны қорғаудың шығындары - бұл кәсіпорындардың ластаушы заттардың алдын алуға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-шараларға, технологиялар мен жабдықтардың жұмысын қолдауға арналған шығындары.
Былтыр бұндай шығындар — Атырау (54,5 млрд теңге), Павлодар (49,8 млрд теңге), Ақтөбе (49,5 млрд теңге) және Қарағанды (37,8 млрд теңге) облыстарына ғана тиесілі болды. Ағымдағы шығындардың едәуір көлемі Шығыс Қазақстан (33,8 млрд теңге) және Қостанай (23,3 млрд теңге) облыстарында да тіркелді.
Сонымен қатар елімізде ластаушы заттар шығарындыларының көздері 2022 жылы 227,6 мыңнан 2023 жылы 233,8 мыңға дейін өсті.
Былтыр қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың 82%-ке жуығы өңдеу және тау-кен өнеркәсібіне тиесілі болды.
Қазақстанда энергия өндіруден көміртегі шығарындыларының көлемі бір жыл ішінде 11,2%-ке, 277,5 млн-нан 308,7 млн тоннаға дейін өсіп, рекордтық мәнге жетті.