https://sputnik.kz/20241002/qazaqstan-men-vetnam-azamattary-zhazasyn-oz-elderinde-otey-alady-47489902.html
Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алады
Қазақстан мен Вьетнам азаматтары жазасын өз елдерінде өтей алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. 02.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-02T14:19+0500
2024-10-02T14:19+0500
2024-10-02T15:39+0500
вьетнам
жаза
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e8/06/13/45051139_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_4c2e2d03132fd539d264ed3f3d35435c.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2023 жылы 21 тамызда Ханойда қол қойылды. Келісім Вьетнамда қылмыс жасағаны үшін сотталған қазақстандықтарға жазасын Қазақстанда өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сотталғандарды оңалту және өз ұлтының қоғамына интеграциялау үшін қолайлы жағдай туғызады. Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады. Биыл мамыр айынан бастап қазақстандықтар үшін Вьетнаммен туристік виза алынып тасталды. Сондықтан бұл елге туристер ағынының өсу динамикасы болжанып отыр. Бұл ретте қазақстандық туристердің құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды. Қазірдің өзінде 23 мемлекетпен осындай келісім жасалған. Статистикалық деректерге сүйенсек, сотталғандардың мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсеткен. Өзге де келісімдерге сәйкес, соңғы төрт жылда 160 азамат Қазақстанға, 260-тан астам шетелдік Қазақстаннан өз отанына қайтарылған.
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/13/45051139_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_83e3574d1f919b9cfb175e52f721fdf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вьетнам, жаза, мәжіліс
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады.
Құжатқа 2023 жылы 21 тамызда Ханойда қол қойылды. Келісім Вьетнамда қылмыс жасағаны үшін сотталған қазақстандықтарға жазасын Қазақстанда өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сотталғандарды оңалту және өз ұлтының қоғамына интеграциялау үшін қолайлы жағдай туғызады.
Вьетнамдықтар да осындай мүмкіндікке ие болады. Биыл мамыр айынан бастап қазақстандықтар үшін Вьетнаммен туристік виза алынып тасталды. Сондықтан бұл елге туристер ағынының өсу динамикасы болжанып отыр. Бұл ретте қазақстандық туристердің құқық бұзушылық жасауы мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.
Қазірдің өзінде 23 мемлекетпен осындай келісім жасалған. Статистикалық деректерге сүйенсек, сотталғандардың мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық тәжірибе оң нәтиже көрсеткен.
Өзге де келісімдерге сәйкес, соңғы төрт жылда 160 азамат Қазақстанға, 260-тан астам шетелдік Қазақстаннан өз отанына қайтарылған.