Көкпардағы жанжал Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді – СІМ

© Sputnik / Медиабанкке өтуИгроки сборной Казахстана по кокпару, архивное фото
Игроки сборной Казахстана по кокпару, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2024
Жазылу
8-13 қыркүйекте Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финалдық ойын жанжалмен аяқталды
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жеңімпаздарын марапаттау рәсіміндегі қырғыз көкпаршыларының әрекеті екі ел арасындағы қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпейді, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
"Бұл біздің бауырлас ел, біз олармен жақсы қарым-қатынастамыз, спорт саласында қандай да бір келіспеушілік туындаса, бұл жай ғана спорт, мұнда саясат жоқ, спортшылардың әрекеті екі ел арасындағы қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпейді", - деді Смадияров.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасын марапаттау басталған сәтте қырғыз спортшылары күміс медальді шешіп, кетіп қалған болатын.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршылары арасындағы ақтық ойын жанжалмен аяқталды.
Бірінші таймда есеп 3:1 болып тұрғанда Қазақстан құрамасының ойыншысы Ұлан Байтөреев қырғызстандық қарсыласын қамшымен ұрып жіберді. Сондай-ақ әлеуметтік желіде "қырғыздар теріс қарап тұрғанда төреші серкені қазақтың тақымына басып беріп отырды" деген әңгіме тарады.
Бір-екі күннен кейін Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстанды Ыстықкөлде Келісім кубогын өткізуге шақырды. Алайда қазақстандық тарап жоспарда басқа жарыстар болғандықтан ұсыныстан бас тартты.
Жаңалықтар
0