https://sputnik.kz/20241002/euroodaqtyn-turaqty-okilderi-reseyge-qarsy-zhana-sanktsiyalar-rezhimin-bekitti-47496815.html
Еуроодақтың тұрақты өкілдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар режимін бекітті
Еуроодақтың тұрақты өкілдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар режимін бекітті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері сәрсенбі күнгі отырыста "шетелдегі тұрақсыздандыру әрекеттері" үшін Ресейге қарсы... 02.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-02T17:52+0500
2024-10-02T17:52+0500
2024-10-02T17:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_69a843f6771fade5c6cfc0c2cba2a079.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері сәрсенбі күнгі отырыста "шетелдегі тұрақсыздандыру әрекеттері" үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар режимін мақұлдады, ол министрлер деңгейінде ресми түрде бекітіліп, келесі аптада күшіне енеді, деп хабарлады РИА Новости ЕО кеңесіндегі дереккөзге сілтеме жасап.Әзірге бұл жеке тұлғалар мен ұйымдарды "қара тізімге" енгізу ережелерін анықтайтын санкциялар шеңберіне қатысты болып отыр. Кейінірек ұйымға мүше-мемлекеттер мен Еурокомиссия санкцияларды шектеу үшін жеке тұлғалар тізімін ұсына алады.Брюссельдегі саммиттен кейін Еуроодақ басшылары Ресейге қарсы "шетелдегі тұрақсыздықты тудыратын әрекеттер" үшін жаңа санкциялар режимін құруды жақтады.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ресей ешқашан басқа елдердің ішкі ісіне араласпайды және басқа елдердің мұндай әрекетіне төзбейді деп мәлімдеді.Осы жылдың маусым айында ЕО-ның Ресейге қарсы кезекті 14-ші санкция пакетін енгізгеннен кейін 2200-ден астам адам мен ұйым еуропалық шектеулерге ұшырады. ЕО азаматтары мен компанияларына санкциялар тізімінде тұрғандарға қаражат беруге тыйым салынады. Жеке тұлғаларға Еуропалық Одаққа кіруге немесе ЕО арқылы транзитпен өтуге тыйым салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1411/49/14114943_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_942e048bc5014d79587dae4a71fe9ff9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тұрақты өкілдері сәрсенбі күнгі отырыста "шетелдегі тұрақсыздандыру әрекеттері" үшін Ресейге қарсы жаңа санкциялар режимін мақұлдады, ол министрлер деңгейінде ресми түрде бекітіліп, келесі аптада күшіне енеді, деп хабарлады РИА Новости ЕО кеңесіндегі дереккөзге сілтеме жасап.
"Тұрақты өкілдер отырысының күн тәртібіндегі бұл мәселе бекітілді, ол келесі аптада қолданысқа енгізіледі", - деді агенттік сұхбатшысы.
Әзірге бұл жеке тұлғалар мен ұйымдарды "қара тізімге" енгізу ережелерін анықтайтын санкциялар шеңберіне қатысты болып отыр. Кейінірек ұйымға мүше-мемлекеттер мен Еурокомиссия санкцияларды шектеу үшін жеке тұлғалар тізімін ұсына алады.
Брюссельдегі саммиттен кейін Еуроодақ басшылары Ресейге қарсы "шетелдегі тұрақсыздықты тудыратын әрекеттер" үшін жаңа санкциялар режимін құруды жақтады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ресей ешқашан басқа елдердің ішкі ісіне араласпайды және басқа елдердің мұндай әрекетіне төзбейді деп мәлімдеді.
Осы жылдың маусым айында ЕО-ның Ресейге қарсы кезекті 14-ші санкция пакетін енгізгеннен кейін 2200-ден астам адам мен ұйым еуропалық шектеулерге ұшырады. ЕО азаматтары мен компанияларына санкциялар тізімінде тұрғандарға қаражат беруге тыйым салынады. Жеке тұлғаларға Еуропалық Одаққа кіруге немесе ЕО арқылы транзитпен өтуге тыйым салынды.