Куба ЕАЭО-ға бірлескен кәсіпорындар ашуды ұсынды

© Sputnik / Медиабанкке өтуФлаг Кубы - рекадр
Флаг Кубы - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2024
Жазылу
Ереванда ІІІ Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Куба ЕАЭО-ны бірлескен кәсіпорындар ашуды ұсынды. Бұл бүкіл Латын Америкасы аймағының тұтыну нарығына шығуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді Куба делегациясының мүшелері.
Мұндай бірлескен кәсіпорындар цитрус жемістерін, шошқа етін және құс етін өндірумен, Куба өнеркәсіптік өндірісін жаңғыртумен, экономиканы цифрлық түрлендірумен, ЕАЭО елдеріне де, үшінші елдерге де экспорттауға арналған органикалық тыңайтқыштар мен басқа да тауарлар шығарумен, сондай-ақ күн панельдерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндірумен айналыса алады.
Жалпы, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Куба іскерлік қауымдастық өкілдеріне арадағы байланыстарды кеңейту үшін белсенді жұмыс істеу керек. Еревандағы Еуразиялық экономикалық форум бағдарламасы аясында 30 қыркүйекте өткен "ЕАЭО – Куба" бизнес-диалогы барысында сарапшылар осындай пікірге келді.
"Куба – ЕАЭО-ның Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы негізгі серіктестерінің бірі. Біз кәсіпкерлік қауымдастықтың фармацевтика, медициналық қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы өндірісі, энергетика және көлік сияқты салалардағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қызығушылығын көріп отырмыз", - деді ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян.
Ол сондай-ақ ЕАЭО және Куба іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту үшін ЕЭК өз инфрақұрылымын ұсынатынын айтты. ЕЭК және Куба үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандуммен бекітілген бірлескен комиссия отырыстары шеңберінде дәстүрлі түрде Одақ елдері мен Куба кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-семинарлар немесе бизнес-миссиялар өткізіледі, Одақ елдерінің компаниялары кубалық FIHAV ірі көрме-жәрмеңкесіне қатысады.
Жаңалықтар
0