https://sputnik.kz/20241001/kasiporyndardyn-792-mln-tenge-shygyny-oteldi-47472491.html
Кәсіпорындардың 800 млн теңгеге жуық шығыны өтелді
Кәсіпорындардың 800 млн теңгеге жуық шығыны өтелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындардың 792,7 млн теңге шығыны өтелген. Бұл туралы бизнесті... 01.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-01T15:31+0500
2024-10-01T15:31+0500
2024-10-01T15:32+0500
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23721381_0:275:2690:1788_1920x0_80_0_0_c985a0e867166286c19b227d49e074c2.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындардың 792,7 млн теңге шығыны өтелген. Бұл туралы бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше мұндай іс-шараны "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарықта ілгерілету мақсатында қолға алған.Бұл бағыт бойынша өтінімдердің басым бөлігі Алматы қаласы (74), Алматы облысы (71), Шымкент (67) және Астана (55) қалаларынан келіп түсті.Екінші бағыт - отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген сома 20,1 млн теңгені құрады.Өтінім беру бойынша көшбасшы өңірлер Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары мен Алматы қаласы болды.Салалық бөліністе өтінімдерді көбінесе машина жасау, тамақ және сусындар өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және металлургия секторындағы кәсіпорындар жіберген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23721381_0:0:2384:1788_1920x0_80_0_0_6674d31722b9f3f5522b190ef525cbf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпорын
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындардың 792,7 млн теңге шығыны өтелген. Бұл туралы бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше мұндай іс-шараны "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарықта ілгерілету мақсатында қолға алған.
"Өтінімдерді қарау нәтижесінде бірінші бағыт - еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген қаражаттың жалпы сомасы 772,6 млн теңгені құрады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл бағыт бойынша өтінімдердің басым бөлігі Алматы қаласы (74), Алматы облысы (71), Шымкент (67) және Астана (55) қалаларынан келіп түсті.
Екінші бағыт - отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген сома 20,1 млн теңгені құрады.
Өтінім беру бойынша көшбасшы өңірлер Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары мен Алматы қаласы болды.
Салалық бөліністе өтінімдерді көбінесе машина жасау, тамақ және сусындар өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және металлургия секторындағы кәсіпорындар жіберген.