Жыл басынан бері суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды

CC0 / Arieth / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын мұқият бақылауға шақырды
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері суицидтік сипаттағы белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев брифингте.
Сондай-ақ полицейлер мессенджерлерде балалар арасында танымал қауіпті онлайн-ойындар туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"Мұндай ойындарда өз-өзіне қол жұмсауға бейімділік болмағанына қарамастан, олар қашып кету мен бағынбауды романтизациялау қаупін тудыруы мүмкін", - деп хабарлады ІІМ.
Көбіне 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсайды.
Ішкі істер министрлігі нақты санды атамады, олар тек 14 суицид және өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша жасөспірімдердің мас болғанын хабарлады. Ал суицидке оқталған бір жасөспірім есірткі тұтынғаны анықталды.
Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын мұқият бақылауға шақырды.
Жаңалықтар
0