Қазақстанда жыл басынан бері 117 жолаушы пойыздан түсірілді

Вокзал Караганды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 қыркүйек - Sputnik. Жыл басынан бері "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсірген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға төмен.
Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкбагажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушыны келесі жағдайларда пойыздан түсіреді:
1.
Егер жолаушы алкоголь немесе есірткі әсерінен мас күйде болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндіріп немесе басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе.
2.
Егер жолаушы вагонның ішіндн темекі шексе.
3.
Егер жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартып, пойыз билеті болмаған жағдайда.
4.
Егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса.
5.
Егер жолаушы өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған заттар немесе жүктер алып жүрсе.
Айта кетейік, "Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды белсенді енгізуде. Ұлттық тасымалдаушының 478 вагонында 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Бейнебақылау жүйесі вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда, теміржол станциялары мен вокзалдарда жұмыс істейді.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1 552 вагонға камералар орнатылады.
Жаңалықтар
0