Қазақстанда биыл антибиотик препараттар екі есе көп сатылды

© Photo : проектный офис Ertis – adaldyq alańy "Цефтриаксон" антибиотигі. Архивтегі фото
 Цефтриаксон антибиотигі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда антибиотиктерді ішкі нарықта өткізу көлемі екі есе өсті. Биыл жарты жылда осындай препараттардың 41,2 тоннасы сатылды, деп хабарлады Energyprom.kz.
Сұраныc шетелдік компаниялардан жеткізу арқылы өтелді. Олар Қазақстанға бактерияға қарсы заттардың экспортын 2,4 есеге арттырып, өткен жылмен салыстырғанда 18,2 тоннаға артық жеткізді.
Отандық өндірушілердің өндіріс көлемі 32,1%-ке артты.
Былтыр бактерияға қарсы антибиотиктер көлемі екі есе төмендеген. Қазіргі күні керісінше екі есеге артқан, яғни жағдай коронавирустық пандемия кезіндегі көрсеткішке жетті.
2020 жылы 80 тоннадан астам антибиотик сатылды. Алайда денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, антибиотиктерді сату көлемінің күрт өсуіне себеп болатындай жұқпалы аурулар өршіген жоқ.
Фармацевтикалық өнімдер бағасының статистикасы антибиотиктердің басқа дәрі-дәрмектерге қарағанда едәуір қымбаттағанын көрсеткен. Компания мамандары 2024 жылы фармацевтикалық нарықтың ақшалай түрде дамуы "негізінен физикалық тұтынудың өсуіне байланысты" деп атап өтті. 2023 жылы нарық негізінен инфляция есебінен өсті.
Сарапшылардың болжамы бойынша биылғы жылдың екінші жартыжылдығында бөлшек сауданың өсу қарқыны баяулайды, тіпті құлдырауы мүмкін.
Жалпы қазақстандықтар дәріханалардан 326,5 млрд теңгеге 253 млн қаптама препарат сатып алған.
Жаңалықтар
0