https://sputnik.kz/20240930/geosayasattagy-tubegeyli-ozgerister-barshamyz-ushin-ozekti-bola-tusti--toqaev-47448852.html
Геосаясаттағы түбегейлі өзгерістер баршамыз үшін өзекті бола түсті – Тоқаев
Геосаясаттағы түбегейлі өзгерістер баршамыз үшін өзекті бола түсті – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік" конференциясында бұрын-соңды... 30.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-30T17:35+0500
2024-09-30T17:35+0500
2024-09-30T17:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1e/47448953_0:3:1280:723_1920x0_80_0_0_93c9057bdc5b66788b41eb30113ce215.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік" конференциясында бұрын-соңды болмаған геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рөлге ие болғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорда.Ол халықаралық қоғамдастық сындарлы диалогқа тың серпін беруі үшін күн тәртібіне оң өзгеріс жасауы қажет екенін атап өтті.Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына қоғамдық өмірдің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жөнінде мәлімет берді.Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, саяси реформалардың ең басты жаңалығы – Конституцияда президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ереженің бекітілуі.Тоқаев елімізде Заң мен Тәртіп үстемдік құрғанда ғана реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік болатынын айтты."Заң мен Тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі. Әділдікке қашан да, қай жерде де мұқтаждық бар. Біздің елде де солай. Қолға алған реформаларды іске асыру қаншалықты қиын болса да, діттеген мақсатымызға жетпей қоймаймыз. Оны ешкім тоқтатпақ тұрмақ, бағытынан жаңылдыра алмайды", – деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20240930/toqaev-qazir-reseyde-60-mynnan-astam-qazaqstandyq-student-oqidy-47448694.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1e/47448953_157:0:1124:725_1920x0_80_0_0_462e8a062b58f31d8022081a18cdc4bb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Геосаясаттағы түбегейлі өзгерістер баршамыз үшін өзекті бола түсті – Тоқаев
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік" конференциясында бұрын-соңды болмаған геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рөлге ие болғанын атап өтті, деп хабарлады Ақорда.
"Геосаясат пен геоэкономикадағы түбегейлі өзгерістер, жаһандық деңгейдегі климаттық және демографиялық сын-қатерлер, пандемияның жаңа қаупі, қарулану бәсекесінің өрши түсуі, технологиялық прогресс, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу жағдайында стратегиялық тұрақтылық пен орнықты даму мәселелері баршамыз үшін өзекті бола түсті", - деді президент.
Ол халықаралық қоғамдастық сындарлы диалогқа тың серпін беруі үшін күн тәртібіне оң өзгеріс жасауы қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы конференция қатысушыларына қоғамдық өмірдің барлық саласында жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жөнінде мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, саяси реформалардың ең басты жаңалығы – Конституцияда президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеу туралы ереженің бекітілуі.
"Мұндай норма посткеңестік елдердің, тіпті одан тысқары мемлекеттердің ешқайсысында жоқ. Менің ойымша, президентті бір рет жеті жылға сайлау – оның сайлауалды бағдарламасы мен реформаларын жүзеге асыруға жеткілікті уақыт. Оған қоса президент – халық жалдаған мемлекеттік қызметкер", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Тоқаев елімізде Заң мен Тәртіп үстемдік құрғанда ғана реформаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға қажетті жағдай жасауға мүмкіндік болатынын айтты.
"Заң мен Тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі. Әділдікке қашан да, қай жерде де мұқтаждық бар. Біздің елде де солай. Қолға алған реформаларды іске асыру қаншалықты қиын болса да, діттеген мақсатымызға жетпей қоймаймыз. Оны ешкім тоқтатпақ тұрмақ, бағытынан жаңылдыра алмайды", – деді мемлекет басшысы.