"Еңбек демалысы берілмеген": медицина қызметкерлері 2,3 млн теңге өтемақы алды

© Sputnik / Табылды КадырбековАурухана, архивтегі фото
Аурухана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында 54 медицина қызметкерінің конституциялық құқы бұзылған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Науырзым аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің еңбек құқығы бұзылған.
"Салалық келісім талаптарын сақталмаған, атап айтқанда, еңбек демалысы толық көлемде ұсынылмай, медициналық қызметкерлердің конституциялық құқы бұзылған", - дейді ведомство.
Прокурорлық ден қою шаралары арқасында заң бұзушылық жойылып, 54 қызметкерге 2,3 млн теңге сомасына өтемақы төленген.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Кәсіпорындар 11 мың жұмысшының жалақысын бермеген – еңбек инспекторлары
Жаңалықтар
0