https://sputnik.kz/20240930/eaeo-ushin-turizm-salasyndagy-yntymaqtastyq-osu-katalizatory-boluy-mumkin--ministr-47450213.html
ЕАЭО үшін туризм саласындағы ынтымақтастық өсу катализаторы болуы мүмкін – министр
ЕАЭО үшін туризм саласындағы ынтымақтастық өсу катализаторы болуы мүмкін – министр
Sputnik Қазақстан
Туризм әлемдік экономиканың ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып саналады 30.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-30T18:46+0500
2024-09-30T18:46+0500
2024-09-30T18:46+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/345/87/3458792_0:73:1201:748_1920x0_80_0_0_5a2eba2161ff38b8540b0d826af8a450.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Еревандағы үшінші Еуразиялық экономикалық форум аясында "ЕАЭО-дағы туризм: жаңа көкжиектер" тақырыбында сессия өтті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО елдерінде туризмді дамыту үшін Одақтың әлеуетін іске асырудың жоғары маңыздылығын атады.Сессия жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының, туристік ұйымдарының, компаниялары мен операторларының өкілдері, сондай-ақ Куба, Өзбекстан және Иран өкілдері қатысты.Сессияға қатысушылар туризмді дамытудың негізгі мәселелерін талқылады, мемлекеттер мен Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша бизнес-қауымдастық өкілдері арасында тәжірибе алмасу болды.Сессияда туризм саласына қатысты бірқатар мәселе, соның ішінде еуразиялық туристік маршруттарды қалыптастыру, туристік қызмет көрсету сапасын арттыру, туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясына енгізілген басқа да мәселелер қаралды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/345/87/3458792_53:0:1146:820_1920x0_80_0_0_85084fbdd4a81739480920cd8c817b40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО үшін туризм саласындағы ынтымақтастық өсу катализаторы болуы мүмкін – министр
Туризм әлемдік экономиканың ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып саналады
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Еревандағы үшінші Еуразиялық экономикалық форум аясында "ЕАЭО-дағы туризм: жаңа көкжиектер" тақырыбында сессия өтті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО елдерінде туризмді дамыту үшін Одақтың әлеуетін іске асырудың жоғары маңыздылығын атады.
"Туризм – әлемдік экономиканың ең табысты және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Бұл дүниежүзілік жалпы ұлттық өнімнің шамамен 10%-ын, әлемдік инвестицияның 7%-дан астамын және әрбір оныншы жұмыс орнын құрайды. ЕАЭО елдерінің географиялық жақындығын ескере отырып, бұл саладағы ынтымақтастық экономикалық өсудің катализаторы, жұмыс орындарын құру мен кәсіпкерлікті дамытудың маңызды факторы бола алады", - деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов.
Сессия жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының, туристік ұйымдарының, компаниялары мен операторларының өкілдері, сондай-ақ Куба, Өзбекстан және Иран өкілдері қатысты.
Сессияға қатысушылар туризмді дамытудың негізгі мәселелерін талқылады, мемлекеттер мен Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру бойынша бизнес-қауымдастық өкілдері арасында тәжірибе алмасу болды.
Сессияда туризм саласына қатысты бірқатар мәселе, соның ішінде еуразиялық туристік маршруттарды қалыптастыру, туристік қызмет көрсету сапасын арттыру, туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясына енгізілген басқа да мәселелер қаралды.