https://sputnik.kz/20240930/astanada-algash-ret-ustel-tennisinen-aziya-chempionaty-otedi-47436006.html
Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді
Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан астанасы алғаш рет құрлықтық біріншілікті... 30.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-30T10:41+0500
2024-09-30T10:41+0500
2024-09-30T10:41+0500
теннис
азия чемпионаты
https://sputnik.kz/img/403/91/4039110_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_276671df2a679d983d4fd39ae6382baa.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан астанасы алғаш рет құрлықтық біріншілікті қабылдайды.Чемпионатқа Азияның үздік ойыншылары қатысады. Олардың ішінде командалық есептегі Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытай спортшысы Ван Чуцинь, командалық есептегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Мива Харимото және Миу Хирано (Жапония), Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), микстегі Олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), командалық есептегі Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.Ал Қазақстанның намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева және басқа да спортшылар қорғайды.Азия чемпионатына барлығы 26 елден 210 спортшы келеді деген жоспар бар. Олар жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас сайыстарда өзара сынға түседі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/403/91/4039110_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_a537e6af7144b31b8a373fd5976e2b39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теннис, азия чемпионаты
Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан астанасы алғаш рет құрлықтық біріншілікті қабылдайды.
Чемпионатқа Азияның үздік ойыншылары қатысады. Олардың ішінде командалық есептегі Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытай спортшысы Ван Чуцинь, командалық есептегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Мива Харимото және Миу Хирано (Жапония), Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), микстегі Олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), командалық есептегі Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.
Ал Қазақстанның намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева және басқа да спортшылар қорғайды.
Азия чемпионатына барлығы 26 елден 210 спортшы келеді деген жоспар бар. Олар жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас сайыстарда өзара сынға түседі.