Шымкентте құны 25 млрд теңгенің инвестициялық жобасы іске қосылды

© пресс-служба акимата ШымкентаВ Шымкенте запущен первый этап крупного инвестпроекта - завода по производству керамогранита
В Шымкенте запущен первый этап крупного инвестпроекта - завода по производству керамогранита - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. "Жұлдыз" индустриялды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі – керамикалық плиталар шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлады Шымкент қалалық әкімдігі.
Ауқымды зауыт Орталық Азиядағы құрылыс индустриясындағы ең ірі жобалардың біріне айналады. Зауыттың ашылуы ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарымен, яғни керамикалық плиталармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте "WAN SHENG CERAMIC" ЖШС құрылтайшысы Ху Цзяньго жобаны жүзеге асыруда көрсеткен көмегі мен белсенді қолдауы үшін қала әкімдігіне алғысын білдірді. Оның айтуынша, компания заманауи технологияларды енгізумен қатар, қызметкерлерді дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруды көздеп отыр.
Айта кетері, инвестициялық жобаның құны 25,5 млрд теңге, ал оның жалпы аумағы 32 гектар. Кәсіпорында 350 жұмыс орны ашылды. Зауыттың құрылысы өткен жылы басталып, мұнда заманауи технологиялық қондырғылар орнатылған, өндіріс барынша қауіпсіз әрі экологиялық таза болады.
Бірінші кезеңді іске қосу аясында кәсіпорын жыл сайын 12,7 млн шаршы метр өнім шығаруды көздеп отыр. Екінші кезең іске қосылғаннан кейін өндірістік қуаттылық екі есеге - 25,4 млн шаршы метрге дейін артады, тағы 350-ден астам қосымша жұмыс орны ашылады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
2024 жылы шетелдіктердің қатысуымен 40-тан астам ірі жоба іске қосылады
Жаңалықтар
0