Шымкент тұрғыны 113 млн теңгесін алаяққа беріп жіберген

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2024
Жазылу
Сотталушы бұдан басқа 14 жәбірленушіге 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сот залынан қамауға алынды, деп хабарлады қалалық сот.
Сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы "Сенімді теріс пайдалану, алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру жолымен алаяқтық жасау" бойынша сотталды.
"Сотталушы 2022 жылы жәбірленушіге алаңы 20,0800 га жер учаскесін жекешелендіріп беруге, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс істеуге, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беруге уәде етіп, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолмен жымқырған", - дейді ведомство.
Қалған 14 жәбірленушіні мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, оларға жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденген, бірақ ол кінәсін ішінара мойындады.
Жаңалықтар
0