Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей қатыспаса Украинада бейбіт реттеудің бірде-бір жобасы сәтті болмайды – Беларусь СІМ

© БелТА / Медиабанкке өтуРоссийско-украинские переговоры в Беларуси
Российско-украинские переговоры в Беларуси - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженков Ресей қатыспаса Украинада бейбіт реттеудің бірде-бір жобасы сәтті болмайды деп мәлімдеді.
"Егер көрші Беларусь сияқты бәрі қақтығыс аймағында не болып жатқанын (Украинада – ред.) түсінсе және бұның қаншалықты қауіпті екенін білсе және екі бауырлас халықтың қанды қақтығысын тоқтатқысы келсе, онда Украина ұзақ уақыт бойы Ресеймен майдан даласында емес, бейбіт келіссөздер үстелінде кездескен болар еді. Бұл тұрғыда Бразилия - Қытай бейбітшілік жоспары сияқты бастамалар дер кезінде қолға алынып отыр. Алайда Ресейдің қатысуынсыз бірде-бір жоба сәтті болмайды", - деді Рыженков БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде.
Ол сондай-ақ еуропалық аймақта жаңа қауіпсіздік архитектурасына Беларусь та қатысуы керектігін атап өтті.
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Киев Батыстың әскери көмегіне 80%-ға тәуелді – Украина Қорғаныс министрлігі
Жаңалықтар
0