Көліктің жүк салғышына салып, ұрлап кеткен: Абай облысында қылмыстық іс қаралды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек - Sputnik. Абай облысы Жарма ауданында ер адам бұрыңғы әйелін ұрып, көліктің жүк салғышында тасымалдаған. Аудандық сот ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Абай облыстық соты.
Сот Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық істі қарады.
"Ер адам бұрынғы жұбайының үйінде жанжал болып, оның ұялы телефондарын сындырып, бетін жұдырықпен ұрған. Содан кейін әйелді көлігінің жүксалғышына итеріп, жәбірленушіні ұрлап кеткен", - дейді ведомстводағылар.
Прокурор соттан ер адамның әрекетін ҚК-нің 125-бабының 1-бөлігіне сәйкестендіруді сұрады, өйткені ол жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолданбаған.
Ал жәбірленуші қазіргі уақытта сотталушыны кешіретінін және қатаң жазаламауды сұраған.
"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады', - дейді облыстық сот.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Жаңалықтар
0