https://sputnik.kz/20240927/qazaqstanda-bes-zhylda-turgyn-uydi-zhalga-alu-quny-35-esege-osti-47382813.html
Тұрғын үйді жалға алу құны бес жылда 3,5 есеге өсті
Тұрғын үйді жалға алу құны бес жылда 3,5 есеге өсті
Sputnik Қазақстан
2024 жылдың тамызында Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үйдің орташа құны шаршы метріне 4,4 мың теңгеден сәл жоғары болды 27.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-27T08:35+0500
2024-09-27T08:35+0500
2024-09-27T09:10+0500
жалдамалы баспана
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_0:273:3072:2001_1920x0_80_0_0_fd6266f7862d0372503e32d8937b812b.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2018–2023 жылдар аралығында Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алудың орташа құны 3,5 есеге — шаршы метрі үшін 1,4 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлады Finprom.kz.2022 жылы ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы кезінде сұраныс күрт артып, жалдау ақысы қатты шарықтады. Кейін жағдай тұрақталды, бірақ баға бұрынғы деңгейге қайта оралмады.2024 жылдың тамызында Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үйдің орташа құны шаршы метріне 4,4 мың теңгеден сәл жоғары болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 4,2% артық.Мысалы, Алматыда пәтер жалдау құны бір шаршы метрге 5,3 мың теңгені, Астанада бір шаршы метрге 4,6 мың теңгені құрайды. Осылайша, ауданы 50 шаршы метр болатын екі бөлмелі шағын пәтерді жалға алу үшін алматылықтарға ай сайын 264 мың теңге, астаналықтарға 230,8 мың теңге төлеу қажет болады.Агрегаторлардағы жарнамаларды талдауға қарағанда, бұл сомалар орташа баға диапазонын көрсетеді. Сол көлемдегі пәтерлерді 350–500 мың теңгеге, тіпті оданда қымбат бағаға кездестіруге болады.Көптеген облыс орталықтарында жалға алу бағасы шаршы метрі үшін 3 мың теңгеден аспайды. Ең арзан пәтерді өнеркәсібі нашар дамыған қалалар – Тараз, Түркістанда табуға болады. Оларда пәтер жалдау құнының шаршы метрі сәйкесінше 2,1 мың және 2,4 мың теңге.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/482/56/4825642_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_39ba42fa4f64c91f1e8fd557565f4283.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалдамалы баспана
Тұрғын үйді жалға алу құны бес жылда 3,5 есеге өсті
08:35 27.09.2024 (жаңартылды: 09:10 27.09.2024) 2024 жылдың тамызында Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үйдің орташа құны шаршы метріне 4,4 мың теңгеден сәл жоғары болды
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2018–2023 жылдар аралығында Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алудың орташа құны 3,5 есеге — шаршы метрі үшін 1,4 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлады Finprom.kz.
2022 жылы ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы кезінде сұраныс күрт артып, жалдау ақысы қатты шарықтады. Кейін жағдай тұрақталды, бірақ баға бұрынғы деңгейге қайта оралмады.
2024 жылдың тамызында Қазақстандағы жалдамалы тұрғын үйдің орташа құны шаршы метріне 4,4 мың теңгеден сәл жоғары болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 4,2% артық.
Мысалы, Алматыда пәтер жалдау құны бір шаршы метрге 5,3 мың теңгені, Астанада бір шаршы метрге 4,6 мың теңгені құрайды. Осылайша, ауданы 50 шаршы метр болатын екі бөлмелі шағын пәтерді жалға алу үшін алматылықтарға ай сайын 264 мың теңге, астаналықтарға 230,8 мың теңге төлеу қажет болады.
Агрегаторлардағы жарнамаларды талдауға қарағанда, бұл сомалар орташа баға диапазонын көрсетеді. Сол көлемдегі пәтерлерді 350–500 мың теңгеге, тіпті оданда қымбат бағаға кездестіруге болады.
Көптеген облыс орталықтарында жалға алу бағасы шаршы метрі үшін 3 мың теңгеден аспайды. Ең арзан пәтерді өнеркәсібі нашар дамыған қалалар – Тараз, Түркістанда табуға болады. Оларда пәтер жалдау құнының шаршы метрі сәйкесінше 2,1 мың және 2,4 мың теңге.