https://sputnik.kz/20240927/qazaqstan-ozbekstan-shekarasyn-demarkatsiyalau-turaly-quzhat-buu-ga-otkizildi-47404535.html
Қазақстан-Өзбекстан шекарасын демаркациялау туралы құжат БҰҰ-ға өткізілді
Қазақстан-Өзбекстан шекарасын демаркациялау туралы құжат БҰҰ-ға өткізілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара 2300 шақырымнан асады. Осыдан екі жыл бұрын қос елдің президенттері мемлекеттік... 27.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-27T22:45+0500
2024-09-27T22:45+0500
2024-09-27T22:45+0500
өзбекстан
қазақстан
шекара
бұұ
https://sputnik.kz/img/1131/75/11317546_0:79:3067:1804_1920x0_80_0_0_a126fe7eff62b148c3715a82aa5f9bb7.jpg
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара 2300 шақырымнан асады. Осыдан екі жыл бұрын қос елдің президенттері мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы шартқа қол қойған еді. Ал бүгін бұл құжаттың көшірмесі БҰҰ-ға тіркеу үшін тапсырылды, деп хабарлайды 24.kz.Бас Ассамблеяның жоғары деңгейдегі апталығы өтіп жатқан тұста тапсырылған құжатта екі мемлекет арасындағы шекара жайлы толық мәлімет қамтылған. Бұл шарт бауырлас елдер арасындағы достықтың, өзара сыйластық пен сенімнің кепілі, дейді дипломаттар. Біріккен Ұлттар Ұйымына бұл құжатты тапсыру әрине бұл құжаттың халықаралық деңгейде танылғандығын белгілейді. Сондықтан бұл тәжірибе тоқтамайды. Келешекте де басқа елдермен шекарамызды толықтай бекітіп, демаркация өткізгеннен кейін басқа да келісімдер осылай тапсырылатын болады, - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.Айта кетейік, бұл БҰҰ-ға тапсырылып жатқан алғашқы құжат емес. Бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы шарт 2015 жылы тапсырылған еді. Қазір еліміздің шығысындағы таулы аймақта шекара бағандарын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Ал Қырғызстан, Түрікменстан және Қытай елдерімен шекара мәселесі толық шешілген.Источник: Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1131/75/11317546_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_24d4a597cfbf4332adc1ee06bc7bb91c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қазақстан, шекара, бұұ
өзбекстан, қазақстан, шекара, бұұ
Қазақстан-Өзбекстан шекарасын демаркациялау туралы құжат БҰҰ-ға өткізілді
АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара 2300 шақырымнан асады. Осыдан екі жыл бұрын қос елдің президенттері мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы шартқа қол қойған еді. Ал бүгін бұл құжаттың көшірмесі БҰҰ-ға тіркеу үшін тапсырылды, деп хабарлайды
24.kz. Бас Ассамблеяның жоғары деңгейдегі апталығы өтіп жатқан тұста тапсырылған құжатта екі мемлекет арасындағы шекара жайлы толық мәлімет қамтылған. Бұл шарт бауырлас елдер арасындағы достықтың, өзара сыйластық пен сенімнің кепілі, дейді дипломаттар.
Біріккен Ұлттар Ұйымына бұл құжатты тапсыру әрине бұл құжаттың халықаралық деңгейде танылғандығын белгілейді. Сондықтан бұл тәжірибе тоқтамайды. Келешекте де басқа елдермен шекарамызды толықтай бекітіп, демаркация өткізгеннен кейін басқа да келісімдер осылай тапсырылатын болады, - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұл БҰҰ-ға тапсырылып жатқан алғашқы құжат емес. Бұған дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы шарт 2015 жылы тапсырылған еді. Қазір еліміздің шығысындағы таулы аймақта шекара бағандарын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Ал Қырғызстан, Түрікменстан және Қытай елдерімен шекара мәселесі толық шешілген.
Источник:
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс