Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

© Photo : МИД РККазахстан и Марокко договорились о безвизовом режиме
Казахстан и Марокко договорились о безвизовом режиме - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Марокко визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігінің сыртқы істер, африкалық ынтымақтастық және шетелдегі марокколықтар жөніндегі министрі Насер Буритамен екіжақты кездесу өткізді.
Министрлер саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
"Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған келісім екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуге бағытталған және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Келісімге сәйкес, Қазақстан және Марокко азаматтары жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Әрбір болу мерзімі кіру сәтінен бастап 180 күннің ішінде 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Жаңалықтар
0