Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады

© Photo : Пресс-служба министерства водных ресурсов м ирригации КазахстанаКенгирское водохранилище в Улытауской области
Кенгирское водохранилище в Улытауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2024
Жазылу
Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда тұр
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесу барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда су қоймасын мемлекетке қайтару процесі аяқталуға жақын. Нысан осы жылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" республикалық кәсіпорнының балансына көшуі тиіс", - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кеңгір – Ұлытау облысындағы ең ірі су қоймасы. Оның жалпы көлемі 319 миллион текше метр.
"Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып саналады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ Ұлытау облысының тұрғындары министрге өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыз судың сапасын жақсарту, жерасты су құбырларын жөндеу және жергілікті су айдындарының экологиялық жағдайы туралы сұрақтарын қойды.
Жаңалықтар
0