Қазақстандық су мамандары Қытай және Францияда біліктілігін арттырады

© Photo : Министерство транспорта РКСтроительство моста через Бухтарминское водохранилище
Строительство моста через Бухтарминское водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Жазылу
Министрлік 2025 жылы қазақстандық су саласының мамандарын Қытай мен Францияда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келіссөз жүргізуде
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Франциямен қазақстандық су мамандарын біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесуі кезінде мәлімдеді.
"Білікті мамандардың жетіспеушілігі - күн тәртібіндегі мәселе, сондықтан кадр даярлау - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Биыл "Қазсушар" мекемесінің 450 маманы біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Ал Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылды. "Болашақ" бағдарламасына су мамандықтары енгізілді. Сонымен қатар, биыл 523 түлек су саласы мамандықтары бойынша грантқа түсті. Бұл өткен жылдан екі есе көп", - деді Нұржан Нұржігітов.
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2024
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Жаңалықтар
0