Қазақстанда әскери медицина академиясы ашылады

© Photo : DarkoStojanovicМедицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото
Медицинские принадлежности и документы на столе у врача, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Жазылу
Жаңа білім беру мекемесі Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы базасында құрылмақ
АЛМАТЫ, 26 қыркүйек - Sputnik. Қорғаныс министрлігі әскери медицина академиясын ашуды жоспарлап отыр. Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы бейінді жоғары оқу орнын құру жобасын дайындады, деп хабарлайды ведомство.
Қазіргі уақытта әскери дәрігерлерді Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен бірлесіп дайындайды. Ал жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламасы бойынша әскери-медициналық кадрларды дайындау "Астана" медициналық университетімен академиялық ұтқырлық шеңберінде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери медицина кафедрасының базасында жүзеге асырылады.
Ал жаңа білім беру мекемесі Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы базасында құрылмақ.
Жаңалықтар
0