Алматыда мопедпен жүріп 23 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

© Sputnik/Ертай СарбасовМопеды
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматы полициясы мопед мінген ұрыны ұстады. Жетісу аудандық полициясының мәліметінше, ол ірі көлемде ақша ұрлыған.
Жергілікті полицияға 23 миллион теңге салынған сөмкесі жоғалған азамат арызданған. Оның айтуынша, жәбірленуші көлігін аз уақытқа қалдырып кетіп, қайта оралған кезде әйнектің сынғанын және сөмкенің жоғалғанын көрген.
"Полицияға кабель сатумен айналысатын компанияның өкілі арызданған. Оның көлігінен 23 миллион теңге салынған сөмке жоғалып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Бейнежүйелердің көмегімен жәбірленушінің әрекетінің хронологиясы қалпына келтіріліп, күдіктінің жәбірленушінің соңынан еріп, бөтеннің мүлкін ұрлау үшін қолайлы сәтті күтіп жүргендігі анықталды. Тергеудің бір нұсқасы бойынша, қаскөй біреудің айтуымен әрекет еткен болуы мүмкін – ол мұқият тексеріліп жатыр", — деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Полиция мәліметіне сәйкес, күдікті жылдам болу үшін және байқалмау үшін мопедке мініп, басына дулыға киген.
"Ұрлық болған күннің келесі күні күдікті әйелімен бірге ұрланған купюраларды долларға айырбастаған. Бұл дерек те бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Жәнібек Шынасылов.
Жаңалықтар
0