https://sputnik.kz/20240926/almatyda-elitalyq-turgyn-uy-kesheninin-qurylysy-toqtatyldy-47375327.html
Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Алматыда Жамақаев көшесінде салынып жатқан Autograph ТҮК құрылысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды әкімдік. 26.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-26T18:09+0500
2024-09-26T18:09+0500
2024-09-26T18:09+0500
алматы
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_7216d5571560f71bfb1f34811730e3fd.jpg
Алматыда Жамақаев көшесінде салынып жатқан Autograph ТҮК құрылысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды әкімдік.Қала құрылысын бақылау басқармасы "Benta" ЖШС мердігерінің рұқсат етілген қабаттылықты асырғанын анықтады: жоба бойынша 3 қабат + техникалық қабат болуға тиіс, алайда іс жүзінде оңтүстік-батыс жағында 4 қабат, солтүстік-шығыс жағында 3 қабат салынған. Ғимараттың биіктігі 12 метрдің орнына 18 метрге жеткен. Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, компанияға бұзушылықтарды жоюға бір ай уақыт берілді. Нұсқама орындалмаса, сот талқылауы басталып, нысан жартылай бұзылуы мүмкін. Еске салайық, 2022 жылы құрылыс ережесіне өзгерістер енгізілген болатын: Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттар 3 қабаттан және жертөле қабаттан аспауы керек. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 47 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" және басқа тұрғын үй кешендері толық немесе жартылай сүрілді.
https://sputnik.kz/20231108/almaty-taularynda-salyngan-zansyz-qurylys-buzylady-40002012.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_8d612b5c9d284d4da4cf6cb57f180e29.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, құрылыс
Алматыда элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматыда Жамақаев көшесінде салынып жатқан Autograph ТҮК құрылысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды әкімдік.
Қала құрылысын бақылау басқармасы "Benta" ЖШС мердігерінің рұқсат етілген қабаттылықты асырғанын анықтады: жоба бойынша 3 қабат + техникалық қабат болуға тиіс, алайда іс жүзінде оңтүстік-батыс жағында 4 қабат, солтүстік-шығыс жағында 3 қабат салынған. Ғимараттың биіктігі 12 метрдің орнына 18 метрге жеткен.
Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, компанияға бұзушылықтарды жоюға бір ай уақыт берілді. Нұсқама орындалмаса, сот талқылауы басталып, нысан жартылай бұзылуы мүмкін.
Еске салайық, 2022 жылы құрылыс ережесіне өзгерістер енгізілген болатын: Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттар 3 қабаттан және жертөле қабаттан аспауы керек.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 47 заңсыз нысан, соның ішінде "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" және басқа тұрғын үй кешендері толық немесе жартылай сүрілді.