Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған бір жарым миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған күдікті байланыстан қашқан, хабарласқанымен түрлі сылтаулар айтып, уақытты созған.
Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның осыған ұқсас тағы бір фактісін анықтады. Жәбірленушілерден алған 2 миллион ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні қолға түсірді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2024
Қоғам
Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр: қазақстандықтар 6 млрд теңгесінен айырылған
Жаңалықтар
0